Ит келіп аяғыма сүйкенсе дәрет бұзыла ма?
Ит келіп аяғыма сүйкенсе дәрет бұзыла ма?
3 жыл бұрын 13783

Ауылды жерде білесіздер, итсіз болмайды. Сол иттерді кейде сипаймыз. Кейде өзі келіп сүйкенеді. Сондай кезде дәрет бұзыла ма? Берік

Біріншіден - Иттің жүні таза саналады. Сол себепті, келіп аяғыңызға сүйкенген жағдайда, дәрет бұзылмайды, әрідесе, қосымша сүйкенген жерін жуып жіберудің қажеті жоқ. Әрине, егер үстінде нәжіс болып, сол жағылса, жуылу керек.

Екінші жағдай – дінімізде иттің сілекейі нәжіс саналады. Сондықтан да, егер киіміңізді ит жалап, сілекейі алақан ойығындай жерді былғаған болса, ол жер жуылмай, киім – таза болып есептелмейді. Намазға жарамсыз.  Ал егер сілекейі алақан ойығынан аз жерді былғаған болса, намазға жарамды. Дегенмен, жуып жіберген артық болмайды.

Үшінші жағдай – иттің сілекейі тиген жерді үш рет жуып, үшеуінде де қатты сығып тастап отыру арқылы тазалуға болады. Немесе сабынмен жақсылап жуып жіберсе де жарайды. Біздің мәзхабта ит жалаған жерді жеті рет жуу шарт емес, үш рет жуса жеткілікті[1].


[1] Имам Сәрәхси: «әл-Мәбсут». 1/48 бет.

Абдусамат Қасым