Киімге тиген нәжістің қай уақытта тигені белгісіз болса, намаздарын не істейді?
Киімге тиген нәжістің қай уақытта тигені белгісіз болса, намаздарын не істейді?
10 жыл бұрын 6920

Кейде киіміңе нәжіс тиіп, оны кейін ғана байқап жатасың. Ал ол уақытқа дейін сол киіммен қанша намаз оқып қойғаның белгісіз. Бұл жағдайда не істеу керек? Нәжіс жағылған киіммен оқып келген намаздарым сонда қаза болғаны ма? Олай болса, қаншасы қаза болғанын да білмейміз? Қалай істеу керек екен?

Ботагөз.

Егер, киімінде бір дирһамның көлемінен үлкен нәжіс бары анықталса, бірақ, қай уақытта жұққанын білмесе, ол оқыған намаздарының қазасын өтемейді. Ханафи ғалымы Хаким әш-Шәһид солай деген.

Әбу Ханифадан мынадай да риуаят жеткен: «Егер, ол тиген нәжіс – кеппеген болса, бір күндік және бір түндік намаздардың қазасын өтейді, ал, кепкен болса, үш күндік намазының қазасын өтейді», - делінген ол тұжырымда[1]»


[1] Әл Кәсәни, Бадаиғ – 1/424, 425 бет.

Абдусамат Қасым