Ассаламуғалейкум! Көлікте пассажир болып, телефоннан электронный Құран оқып отырған кезде,тиләуәт сәждесі кездессе қалай жасаймыз?
|
Көлікте тиләуәт сәждесін оқыса, сәжде қалай жасайды?
|
Уағалейкумуссәләм!
Тиләуәт сәждесін бірден жасау шарт емес. Үйге келгеннен соң немесе мешіт сияқты сәжде жасауға қолайлы жайға барған кезде жасасаңыз мойныңыздан міндет түседі. Ибн Ғабидин рахимаһуллаһ өзінің кітабында: «Тиләуәт сәждесін оқи салып орындау міндет емес» деп жазады1.
Тиләуәт сәждесі дегеніміз, Құранның он төрт жерінде кездесетін «сәжде аяттарының» бірін оқығанда немесе естігенде жасалатын сәжде түрі. Тиләуәт сәждесін жасау - Ханафи мәзхабында «уәжіп» болып есептеледі.
Алла тауфиқтан айырмасын! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 2\576 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?