Ассаламу ғалайкум! Мас күйінде дүниеден озса оған жаназа намазы оқыла ма? Артынан құран бағыштауға бола ма? Наурызбек.
|
Мас күйінде дүниеден озған адамға жаназа оқыла ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тілін кәлимаға келтіргендердің жаназасын оқуды бұйырған[1]. Сондай-ақ, сахабалардың да өз-өзіне қол салған адамның жаназасын оқығандықтары деректерде келтірілген.
Сондықтан да, арақ ішетін адам, егер ол әрекетін «халалға» шығармаған болса, яғни, арақ ішудің күнә екендігін жоққа шығармаған болса, кәпір емес, күнәһар мұсылман саналады. Қайтыс болған жағдайда мұсылманша денесі жуылып, кебінделіп жаназасы шығарылады. Мұнда ғалымдар арасында талас жоқ. Бірақ, о дүниеде арақ ішкені үшін жауапқа тартылады.
Артынан Құран бағыштап, Алладан ол үшін жарылқау тілеуге болады.
[1] Имам Дәруқутни: Мүснәд: "«Лә иләһә иллаллаһ» дегендердің (жаназа) намазын оқыңдар".
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?