Намаз оқып жатқанымда жайнамаз шетіне зәр тиді, намазым бұзыла ма?
Намаз оқып жатқанымда жайнамаз шетіне зәр тиді, намазым бұзыла ма?
9 жыл бұрын 8712

Әссәләмуғалейкум! Егер, намаз оқып жатқанда кішкентай бала жайнамаздың шетіне зәр сындырып қойса, дәретім мен намазым бұзыла ма? Нұрлыбек.

Уағалейкум әссәләм, Нұрлыбек! Мұндай жағдайға қатысты Ханафи ғұламалары мынадай пәтуа айтқан:

«Намаз оқып тұрған төсенішінің бір бұрышында нәжіс болған жағдайда, егер, әлгі нәжіс аяғының астыңғы жерінде немесе сәжде жасайтын жерінде болмаса, намаз оқуына кедергі емес. Мейлі үлкен төсеніш болсын, мейлі кішкене төсеніш болсын үкім осы...»[1] 

Демек, сіздің жағдайда дәретіңіз де, намазыңыз да бұзылмады. Себебі, былғанған жер - жайнамаздың шеті. Қайта оқудың қажеті жоқ. Тек, намаз оқып болғаннан соң, жайнамаздың зәр тиген жерін жууды ұмытпаған абзал.


[1] Тахир әл-Бухари: Хуләсәтуль Фәтәуә – 31 бет.

Абдусамат Қасым