Ассаламуғалейкум! Намаз оқып жатқан кісінің алдынан өтсе, ол адамның намазы бұзыла ма? Серікжан.
|
Намаз оқып тұрған адамның алдынан өтсе, намазы бұзыла ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Намаз оқып жатқан адамның алдынан өтсе, оның намазы бұзылмайды, бірақ өткен кісіге мәкруһ болады. «Сахих Мүслімде» келтірілген бір хадисте, Алла елшісі (с.а.у.): «Намаз оқып тұрған адамның алдынан кесіп өтетін кісі қаншалықты күнә жазылатынын білсе ғой, ол үшін (кесіп өтпкеннен гөрі) қырық жыл (не қырық күн яки қырық ай) тапжылмай тұруы, намаз оқушының алдынан өтуден қайырлы болар еді (немесе қайырлы деп есептер еді.ауд.)» - деген. Ондай кезде намаз оқушының алдына бір зат қойып, өтсе болады, оны "сутра" дейді. Толығырақ 688 нөмерлі жазбамыздан оқи аласыз (нөмердің үстінен басыңыз).
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?