Намаз оқып тұрғанымда балам жайнамазға жіберіп қойды, намазым не болды?
Намаз оқып тұрғанымда балам жайнамазға жіберіп қойды, намазым не болды?
1 жыл бұрын 2878

Сәлеметсіз бе! Намазда тұрғанда кішкентайым жайнамазға жіберіп қойды, жалғастырып оқи бердім. Намазым қабыл бола ма? Бұндай жағдайда не істеу керек? Бота.

 

Бисмилләһир рахманир рахим

Сәлеметсіз бе, Бота!

Кейбір Ханафи фиқһ кітаптарында "жайнамазға тиген нәжіс аяғының астыңғы жерінде немесе сәжде жасайтын жерінде болмаса, намаз оқуына кедергі емес (мысалы, жайнамаздың шеткі жағында т.б.)" делінген, олай болған жағдайда намазды жалғастырып оқып кете беру керек1. Ал егер балаңыздың зәрі жайнамаздың маңдай қоятын жеріне немесе қиямда аяқ тұратын тұста яки сіздің жағдайда тізеңізді қоятын жерге жайылса, намаз бұзылады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин! 


1«Хүләсатуль Фәтәуә».

Абдусамат Қасым