Намаз оқып отырғанда жөтел қысып ұзақ жөтелгенде намазды жалғастырып оқиға бола ма? Құлаш.
|
Намаз оқып тұрып жөтелсе, намаз бұзыла ма?
|
Намаз оқып тұрғанда барынша жөтелмеуге тырысып баққан жөн. Еріксіз жөтел қысып, жөтелуге мәжбүр болса, онысы үзір саналады, намазды бұзбайды. «Ал үзірсіз және жөтелуге мәжбүрі болмаса да жөтеліп, жөтелгендегі дыбысынан әріптер құралса, ол намазды бұзады» делінген кітаптарда1. Өйткені, ондай жағдайда (әріптер шыққан жағдайда) адам сөзі есебінде болмақ. Ал адамның сөзі намазды бұзады. Сол себепті, барынша жөтелін тойтарған абзал, еріксіз жөтелсе, оған кешірім бар.
1Имам Тахтауи: «Хәшияту Тахтауия аля Мароқил Фәләх». Намаз әдептері.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?