Әссәләмуғалейкум! Намазда түшкірсе "әлхамдүлиллаһ" деп айту мәкрүһ пе? Мерғалым.
Намаз оқып тұрып түшкірген адам "әлхамдулилла" десе, намазы бұзыла ма?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Намазда түшкірген кісі «әлхамдулилла» деп айтса, намазы бұзылмайды. Тек, оны дауыстамай іштей айтқаны жөн. Әйтсе де, мүлдем тілге алмағаны абзалырақ дейді ғалымдар. Имамға ұйып тұрған сәтте түшкірген адам жария да, іштей де «әлхамдулилланы» айтпайды.
Түшкіргеннен соң іштей болса да айтпаған кісі намаз аяқталысымен айтады.[1].
[1] Фәтәуәл Хиндия – 1/109 бет.
Көп оқылғандар
■
Қабір басына ағаш егуге бола ма?
■
Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?
■
Әйелімді сүймеймін деп ант еткен болсам, оның үкімі не болады?
■
Жұмада екі құтпа арасында дұға етілгенде қол жайылмайды деген рас па?
■
Вагиналды бөлінулердің қайсысы дәретті бұзады? (әйелдерге қатысты)