Намазда рүкуғ пен сәждеден көтерілген сайын қолдарын көтеретін мұсылманға ұюға бола ма?
Намазда рүкуғ пен сәждеден көтерілген сайын қолдарын көтеретін мұсылманға ұюға бола ма?
2 жыл бұрын 2496

Ассаламуалейкум! Намазда екі қолын кеудесіне ұстап, еңкейіп тұрған сайын қолын көтеріп оқитындарға ұйып намаз окуға бола ма,егер олар имамдыққа шықса? Ерікқазы.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ескілікті Ханафи ғұламалары өзге мәзхабтағы мұсылманға ұю мәселесін талқылай келе:

«Ұюшының мәзхабы бойынша намазды бұзатын бір іс орын алмаса, ұюға болады» - дейді.[1]

Басқа бір сөздерінде:

«Егер намаздың парыздары мен уәжіптерін орындап, ал сүннеттерінде қайшы әрекет істесе, ұюға болады, жеңіл мәкруһ» - деген[2].

Ендеше, біздің мәзхабта рүкуғ пен сәждеден көтерілген сайын қол көтеру «мәкруһ амал» болып саналады, бірақ намазды бұзатын жағдайлардан емес. Сол себепті олай намаз оқитын кісіге немесе қолын көкірек тұсына қойып оқитын кісіге ұюға болады.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3/540 бет.
[2] Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3/540 бет.

Абдусамат Қасым