Әссәләмуғалейкум! Намазды үйреніп алғанша, құлаққаптың көмегімен намаз оқу мәселесі қалай болады екен? Сұлтан.
|
Намазды үйреніп алғанша, құлаққаптың көмегімен намаз оқысам бола ма?
|
Уағалейкум әссәләм, Сұлтан!
Имам Ағзам Әбу Ханифа: «намаз оқып тұрып сырттағы әлдебіреуден (бұрын жаттамаған) құран аятын үйренер болса, намазы бұзылады» деген.
Осыған қарағанда, құлаққаптың көмегімен намаз оқу дұрыс емес. Өйткені, бұл да намаз оқып тұрып, сырттағы әлдебіреуден құран аятын үйренгенмен тең. Сол себепті, намазға керекті дұғалар мен Құран сүрелерін тез арада жаттап алуға тырысқаныңыз жөн*.
Ең дұрысы - Аллаға аян!
*Намазды Құранға қарап оқуға бола ма?- деген сұрақ төңірегінде білгіңіз келсе, мына сілтемеге кіріп оқысаңыз болады: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/namaz-oqu-barysynda-surelerdi-quranga-qarap-oquga-bola-ma-24/#gsc.tab=0
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?