Қабірді трактормен қазуға бола ма?
Қабірді трактормен қазуға бола ма?
5 ай бұрын 3031

Ассалам алейкум! Қазір бізде қабірді техникамен қазатын болып кеткен, экскаватор немесе трактормен. Сол қаншалықты дұрыс? Оған сауап жазыла ма? Жалпы қабір қазатын адамға сауап бар ма? Маңғыстау облысынан.

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, шариғатта қабірді қолмен қазу керек деген арнайы бұйрық жоғы рас. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында адамдар қабірді күрекпен қазды. Күрек те құрал, техника да құрал. Сондықтан да, қабір қазудың қолайлы жолы трактормен қазу болса, оның күнәсі болмас, әсіресе, жер қатты болып, қолмен қазу қиынға соғатын жерлерде, бұл қолайлы. Бастысы трактордың дөңгелегі өзге қабірлерді баспауы керек. Өзгенің қабірін басатындай мазарат тар болса, ол кезде болмайды. Ал қайсысы сауаптырақ десеңіз, әрине, қолмен қазған сауаптырақ, алайда, міндетті емес. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым