Әссаламуғалейкум! Қағбаның алдында тұрғанда намазды қағбаға қарап оқи ма әлде сәжде орнына қарап оқи ма? Мағжан.
|
Қағбаның алдында намаз оқып тұрғанда қайда қараймыз, қағбаға ма, әлде сәжде орнына ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Қағба тастың алдында намаз оқып тұрғанда, сәжде жасайтын жерге қараған абзал, ұнамды әрекет. Бұл «хушуъ» жөнінен және басқа нәрсеге көңіл бөлмеу жөнінен жақсырақ делінген. Десе де, назарын кағбаға салып намаз оқыса да намазына зияны жоқ. Кейбір Ханафи ғалымдарының арасында «ондай кезде қағбаға қарайды» деп топшылағандар да болған1.
1«Әт-Тәудыйх кітәбінда былай делінген: «Кейбір жолдастарымыз Қағба тасқа қараған кезде сәждеге емес, кағбаға қарайды деген». (Бәдруддин әл-Айни, «Шәрхуль Бұхари»).
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?