Ассаламуғалейкум! Қаза намаздарды жамағатпен оқысақ бола ма? Сәрсен.
|
Қаза намазын жамағатпен өтеуге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Егер жамағатпен өтегісі келген кісілердің өтейтін қаза намаздары бір күннің қаза намазы болса, жамағатпен өтеуге болады. Ал, әр күннің қаза намазы болса, жамағатпен оқымайды, ол кезде әркім өз бетінше бөлек өтейді. Мысалы, екі намазхан кісі кешегі таң намаздың қазасын бірге өтейтін болса, ол дұрыс. Өйткені, екеуінікі де бір күннің таң намазының қазасы әрі екеуінікі де бір намаздың қазасы. Ал, мысалы, ол екеуінің бірі бүгінгі таң намазының қазасын, ал екіншісі кешегі таң намазының қазасын өтейтін болса, ол кезде жамағатпен өтей алмайды. Өйткені, екеуінікі де таң намаздың қазасы болғанымен, күндері әртүрлі болып тұр, сол себепті, ол жағдайда әркім жеке өтейді.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?