"Құптанды оқып үлгермей таң намазы кіріп қойса, қалай оқиды?"
"Құптанды оқып үлгермей таң намазы кіріп қойса, қалай оқиды?"
9 ай бұрын 3519

Ассалямуалейкум! Құптан намазын оқып үлгермедім, таң үамазы кіріп қойды, құптан намазын қалай оқып өтеймін, және қай уақытта?

Әлхамдулиллә. Уәссаләту уәссәләму аля Расулиллә.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Егер құптан намазын оқып үлгермей, таң намазының уақыты кіріп қойса, алдымен жіберіп алған құптанның қазасын өтейсіз, оның артынан уақыты кірген таң намазын оқисыз. Құптанның қазасын оқығанда үтір намазының да қазасы оқылады. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым