«Сәһу сәждені» жасау салауаттан кейін еске түссе, не істейміз? Жасаймыз ба, әлде намазды қайта оқу керек пе?
«Сәһу сәждені» жасау  салауаттан кейін еске түссе, не істейміз? Жасаймыз ба, әлде намазды қайта оқу керек пе?
7 жыл бұрын 7002

Әссәләмуғалейкум! Егер де, сәһу сәждесін «әт-тәхияту» дұғасынан кейін жасауды ұмытып кетсе, «салли барик» дұғаларынан кейін жасаса, кешіктіргені үшін ештеме етпей ме, әлде намазды қайта оқу керек пе?

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сәһу сәждесі* «салауаттан» кейін еске түссе де жасалады. Тіпті, «раббәнә әтина» дұғасынан кейін де жасауға болады. Ондай кезде, оң жаққа бір мәрте сәлем беріп, «Аллаһу әкбәр» дейсіз де сәһу сәждесіне барасыз. Артынан қайта «тәшәһһуд», «салауат» және «дұғаны» оқып, екі жаққа сәлем беріп, намазды аяқтайсыз. Сәһу сәждесі екі сәждеден тұрады[1].


[1] Фәтәуә әл-Һиндия – 1/139 бет.; Фәтху бәбиль Ъиная – 1/351 бет. 
*Сәһу сәждесі (қателік сәждесі): намазда кеткен кейбір қателіктер мен кемшіліктерді түзету мақсатында намаз соңында орындалатын әрекет. Үкімі – уәжіп.

Абдусамат Қасым