Шұлыққа мәсіх тартқан сәләфит жігітке намазда ұюға бола ма?
Шұлыққа мәсіх тартқан сәләфит жігітке намазда ұюға бола ма?
8 сағат бұрын 259

Мен жұмыстағы бір сәләфи бауырымыздын нәскиге мәсіх тартып жатқанын көрдім, сосын ол адам имамдыққа шықса артынан ұйып намаз оқыса бола ма? Нәскиге мәсіх тарту дәреттін толық емес екенін білдірмей ме? (Сұрақ ықшамдап алынды)

Құрметті сауал жолдаушы!

Төрт мәзхабтың төртеуінде де әдеттегі киіп жүрген жұқа шұлыққа мәсіх тартуға болмайды. Төрт мәзхаб ғалымдарының шұлыққа мәсіх тартуға байланысты қойған (егжей-тегжейлі нюанстарын айтпағанда) негізгі екі шарты бар :

  • Шұлық қалың болу керек.
  • Оны киіп далада жүре алу керек. (Ханафи мәзхабында шұлықтың 12 мың қадам жүруге шыдайтындай болуы ләзім).

Одан өзге қазіргі замандағы жұқа шұлықтарға төрт мәзхабта да мәсіх тартуға болмайды, өйткені талаптарға сай емес, мәсіх тартқан жағдайда дәрет есептелмейді.

Сәйкесінше, бір сәләфи бағытындағы мұсылманның дәрет алу барысында шұлыққа мәсіх тартып, артынша имамдыққа шыққанын көрсеңіз, оған ұюға болмайды, себебі дәреті толық емес екеніне анық көзіңіз жетіп тұр. Ал оның нақты шұлыққа мәсіх тартқанын көрмеген болсаңыз, ұйы беруге болады, өйткені дәретінде аяғын жуып келген болуы ықтимал (себебі олар да дәреттің төрт парызына сенеді). Мұндай жағдайда тәптіштеп сұрауға біз міндеттелмейміз. Оның үстіне, имамдыққа шыққан әрбір адамнан "дәретің бар ма?" деп сұрап тұрған да жөн емес. Оның арты жамағат арасында дау-дамайға, ұрыс-керіске ұласуы мүмкін. Нақты білмеген нәрсемізді Аллаға қалдырған - ең оңтайлысы! Аллаһу аъләм! Дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль алямин! 

Абдусамат Қасым