Сырахананы мешіт етсе, болмай ма?
Сырахананы мешіт етсе, болмай ма?
8 жыл бұрын 4144

Ассаламуғалейкум! Біздің мешіт арнайы мешіт ретінде салынбаған. Бұрын шайхана, сыра сататын дүкен болған-тын. Тіпті аталмыш ғимарат ішінде адам өлімі де болған деседі. Соны кейін халық мешітке айналдырған. Алайда, осыны сылтау қылып әркім: «бұл қалай мешіт болмақ? Бұрын сырахана еді, енді мешіт болағапты, адам да өлген бұл жерде, мұндай жерді мешіт етуге болмайды ғой», – деген сияқты әр түрлі пікір айтылып жүр. Осыған не дерімізді білмей қиналамыз. Шариғатта бұл жайында не делінген? Халыққа не деп жауап берсек болады?  Нұржан Жұмадилов.

Уағалейкумуссалам уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әбу Дәуідтің "сүнәнінда" (хадис жинағы) келтірілген бір хадисте сахаба Осман ибн Әбуль Ъас (р.а.) былай дейді:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) мүшриктердің бұрынғы пұтханаларын мешітке айналдыруды бұйырған еді»[1].

Бұл хадис бұрын сырахана болған ғимаратты кейіннен мешітке айналдыруға рұқсат екендігін көрсетеді. Ендеше, бұрынғыны еске алып, мешіттеріңіздің қазіргі халіне күмәнмен қарау дұрыс емес.  


[1] Әбу Дәуід, Бәбу фи бинә-иль Мәсжид - №450 хадис.

Абдусамат Қасым