Талып қалған адам оқымаған намаздарының қазасын өтей ме?
|
Талып қалған адам оқымаған намаздарының қазасын өтей ме?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Талып қалған кісі алты намазы қаза болатындай уақыт бойы, не, одан көп уақыт талып жатса, намаздарының қазасын өтемейді. Ал бес намазы қаза болса, не, одан аз уақыт талып жатса, кейін айыққаннан соң қазаларын өтейді. Бір сөзбен айтқанда, талған кісінің бес уақыт намазы қаза болса, қазасын өтейді, ал алты не одан көп намазы қаза болса, қазасын өтемейді. Жынданған кісінің намаздарының үкімі де осыған саяды. Бұған байланысты фиқһ кітаптарында былай делінген:
ومن أغمي عليه خمس صلوات، أو دونها قضى، وإن أكثر من ذلك لم يقض،
«Кім бес намаз бойы не одан аз намаз бойы талып жатса, қазасын өтейді, ал одан көп намаз бойы талып жатса, қазасын өтемейді»[1].
[1] Имам Мәрғинәни: «әл-Һидая». Науқастың намазы бабы.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?