Тарауих намазын имамға онлайн ұйып оқыса бола ма? Немесе ютубтағы видео оқылуын қосып, сондағы имамға ұйып оқыса бола ма?
Тарауих намазын имамға онлайн ұйып оқыса бола ма? Немесе ютубтағы видео оқылуын қосып, сондағы имамға ұйып оқыса бола ма?
2 жыл бұрын 1512

Ассаляму алейкум рахматуллахи уа баракатуһ! Тарауих намазын әйел адамдарға үйде ютуб арқылы тарауих оқыған видеоны қосып, сондағы имамға ұйып оқуға бола ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намазды видео арқылы болсын, мейлі аудио оқылу арқылы болсын, тіпті тікелей онлайн түрінде болсын, ұйып оқуға болмайды. Оқыған күннің өзінде ұйыған болып есептелмейді. Олай ұйып оқыған намазы да саналмайды. Өйткені, имамдыққа ұюдың өзіндік шарттары бар. Басты шарттарының бірі: «Имам мен ұюшының мекен тұтастығы шарты». Мәселен, кітаптарда «егер имам мен ұюшының арасын арба жүретін үлкен жол бөліп тұрса – ұйыған болып саналмайды. Сондай-ақ, араларын катер жүзіп өтетін өзен бөліп тұрса ұйыған болып саналмайды» делінген[1]. Ендеше, онлайн оқып тұрған кісі мен ұюшының арасында «мекен тұтастығы шарты» сақталмайтындықтан, оған ұюға болмайды екен.

Сондай-ақ, имамға ұйыған болып саналу үшін тірі имам болуы керек. Өзіңізге белгілі болғандай, ютубтағы имамның бейнесі – жанды емес, көшірме болып табылады. Сондықтан да, ютубтағы бейнежазбаға да, сондай-ақ аудио нұсқасына да ұюға болмайды. 

Енді осы орайда мынадай сауал туындайды: Үйрену мақсатында видеодағы кісіге ұйып қайталаса бола ма? Бұған жауап: Намаздан бұрын, алдын-ала видеодағы оқылуына қарап үйреніп, оның істегенін қайталап, жаттығуға болады. Бірақ намаз уақыты кіргенде намазды өзі оқуы керек немесе жанды біреуге ұйып оқуы тиіс.


[1] Имам Шүрунбүләли: «Имдәд». 308 бет.

Абдусамат Қасым