Үшінші және төртінші ракағатта тек фатиха оқу керек пе?
Үшінші және төртінші ракағатта тек фатиха оқу керек пе?
10 жыл бұрын 8898

Ассаламуғалейкум! Құрметті имамдар! Менің намаз оқығаныма 2 жылдай уақыттан  асты. Намаз оқуды «Намаз оқып үйренейік» атты кітапшадан үйренген болатынмын. Онда «парыз намазымен сүннет намазы бірдей оқылады, тек ниет еткеніне байланысты» делінген. Мен осы уақытқа дейін барлық парыз және сүннет намаздарын бірдей оқып жүрмін... Кейіннен кітапты дұрыстап қарап шықсам, парыз намазында 3 не 4 фатихадан кейін тағы бір сүре оқылмайды екен. Ал мен осы уақытқа дейін сүннетте де, парызда да 4 ракағаттың бәрінде фатихадан кейін сүре оқып жүрдім. Сонда менің осы уақытқа дейінгі оқыған парыз намаздарым жоққа есеп пе? Осы сұрақ мені қатты мазалайды.  Жансая.

Уағалейкумуссалам!

Құрметті Жансая! Рас, 4 ракағатты сүннет намаздарының бәрінде фатиха және қосымша бір сүре оқу - уәжіп. Ал парыз намаздарында тек әуелгі екі ракағатында фатиха және сүре оқу – уәжіп, қалған екі ракағатында тек фатиханы ғана оқу – сүннет. Ал оған қосымша сүре не аят қосу – мәкрүһ.[1] Бірақ бұл намазды бұзбайды. Сондықтан, осы уақытқа дейінгі оқып жүрген парыз намаздарыңыз Алланың қасында иншаалла қабыл.

[1] Әз-Зубайди, Әл-Жаухара – 94 бет.

Абдусамат Қасым