Әссәләмуғалейкум! Үзірі бар адам имамдыққа шыға ала ма?
|
Үзірі бар адам имамдыққа шыға ала ма?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи мәзхабы бойынша, үзірі бар адам сау адамға имамдық ете алмайды. Ол тек өзі секілді үзірлі кісілерге имам бола алады. Онда да, оның үзірі мен үюшының үзірі бір болса. Мысалы, зәрін ұстай алмайтын кісі, көп желденетін кісіге (дивертикулез) имамдық ете алмайды. Өйткені, екеуінің үзірі екі бөлек[1]
[1] Әрі, мұнда зәр тоқтамау үзірі - желдену үзірінен ауырлау. Біріншісінде, дәрет бұзылумен қатар, киімінің нәжистенуі де бар. Бұл да имамдық етуге кедергі. Өйткені, басқа бір қағида бойынша, имамның намаздағы шариғи күйі, ұюшының шариғи күйінен төмен болмауы керек.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?