|
Әйел адам тарауих намазына мешітке барса бола ма?
|
Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[1], - деген. Мейлі әйел болсын, мейлі ер кісі болсын тарауих намазын оқыса сауапқа кенеледі. Бірақ әйел кісінің үйінде оқыған намазы, мешітте оқыған намазынан қайырлы екендігін ескерген жөн[2]. Сондықтан әйел кісі тарауих намазын мешітте емес, үйінде оқығаны абзал. Дегенмен, мешітке келіп оқудың да күнәсі жоқ.
[1]Сахих Муслим – 759 хадис. Имам Науаи шархы.
[2]Табарани: әл-Аусат
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?