Ораза ұстаған жанға (әйел адамға) гинекологқа қаралуға және (женский анализ мазок) тапсыруға бола ма? Ол оразаны бұзбай ма?
|
Аузы берік әйел адам «мазок» тапсырса, оразасы бұзыла ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, әйел кісілердің қынабынан мазок аларда белгілі медициналық құрал (зонд т.б.) енгізіледі, және де, біз оқып, білген мәліметтерге қарағанда қынаптың ішінде қалып кететін әлдебір зат да жағылмайтын көрінеді (жағылса, бұзылу қауіпі бар). Сондықтан, қынаптың ішінде қалып кететіндей бір зат жағылмайтындықтан, анализге мазок тапсыру оразаны бұзбайды. Сондай-ақ, мазок алу үшін енгізілетін арнайы медициналық құралдың бір ұшы сыртта тұратындықтан (толық еніп, іште қалып кетпейтіндіктен) оразаға зияны жоқ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?