Мен ораза екенімді біле тұра, еркіңнен тыс күйеу қосылса не болады? Ораза бұзыла ма? Кәффарат өтей ме?
|
Аузы берік әйелді күйеуі қатынасқа мәжбүрлесе, әйел кәффарат өтей ме?
|
Рамазан айында ауыз берік әйелді күйеуі еркінен тыс қатынасқа зорлап мәжбүрлесе, әйелдің оразасы бұзылады, бірақ еркінен тыс жағдай болғандықтан, әйел кісі кәффарат өтемейді, бір күн қазасын өтейді (кәффәратты – күйеуі өтейді)[1].
Тіпті әйелі қарсылық танытып баққанымен, күйеуі дегеніне жетіп, әйелі орта тұста берілсе де әйелге кәффарат қажет емес, өйткені ол жағдайда оның (әйелдің) берілуі оразасы еріксіз түрде бұзылғаннан кейін орын алып отыр.[2]
[1] Абдуррахман Шайхзаде: «Мәжмәъул Әнһур»: وَلَوْ أَكْرَهَهَا هُوَ فَلَا كَفَّارَةَ عَلَيْهَا إجْمَاعً «Егер күйеуі әйелін қатынасқа зорласа, әйелі кәффарат өтеуге міндетті емес».
[2] Әбу Бәкір Зүбәйди: «Жәуһаратун Нира», 1\329 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?