Сәлеметсіздер ме! Мен алғаш рет ауыз бекітуім. Және үйде жалғыз мен ғана ораза ұстаймын. Кеше ұмытып су ішіп қойыппын. Су ішіп қойғандығымнан: «Бәрібір бұзылды ғой», - деп аузымды ашып жібердім. Кешке сұрастырсам ұмытып ішкен жағдайда, оразаны жалғастыруға болады екен. Аллам өзі кешірсін. Оразаның соңынан қазасын өтеймін бе, әлде оған қосып кәфәрат қазасын да өтеуім керек пе? Ақбота Кенжебекова.
|
«Бәрібір бұзылды ғой» деп аузымды аштым. Кәфәрат өтеймін бе?
|
Уағалейкумсалам!
Қадірменді Ақбота, ораза екенін ұмытып ішіп-жеген кісінің оразасы бұзылмайтыны рас. Бірақ ораза екені ойына түскен мезетте, онысынан тыйылып, оразасын ары қарай жалғастыруы тиіс.
Оны Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тілімен айтар болсақ: «Кімде-кім, ауыз берік екендігін ұмытып жеп-ішкен болса, оразасын жалғастырсын. Шындығында оны Алланың өзі ішкізіп-жегізіп отыр»[1], - делінген хадисте.
Алайда сіздің жағдайда «бәрібір бұзылды ғой» деп бұзған оразаңыздың Рамазан айынан кейін (айттан соң), бір күнгі қазасын ғана өтейсіз. Әлгі қателік білместіктен туындағандықтан, 60 күн үзбей өтелетін кәфәрат қазасы қажет емес[2].
[1] Бухар мен Муслимнің хадистер жинағында.
[2] Бадаиғ – 2/622 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?