Жараға «вишневский мазь» жақсам оразаны бұза ма?
Жараға «вишневский мазь» жақсам оразаны бұза ма?
6 жыл бұрын 7936

Сыртқы жараға «Вишневский мазь» жақса оразаны бұза ма? Ол дәріні жағу шариғатта рұқсат етілген бе?  Әрі дәрет алғанда дәрі таңылған жерді міндетті түрде жуу керек пе?

«Вишневский мазь» секілді сыртқы жараларға жағылған дәрілер оразаны бұзбайды. Оның теріге сіңіп, ет пен тері арасына енуі тұтқан оразаға кедергісі жоқ. Себебі, оразаны табиғи жолдармен (ауыз, мұрын, құлақ, тік ішек және қынап сынды) ішке түскен заттар бұзады.

Сондай-ақ, аталмыш дәріні жағуға рұқсат. Себебі оның құрамында антисептикалық[1] сарғыш ұнтақ (ксероформ), аққайын қарамайы (березовый деготь) және майсана майы секілді шариғатта «нәжіс» болып есептелмейтін заттар бар.

Ал дәретте дәрі таңылған жердің айналасын жуып, жараның бетін жара таңғыштың үстінен сипайды[2].

[1] Микробтарды жою
[2] Маусули, Ихтияр, «әл-Жәбәир» - 1/97 бет. 

Абдусамат Қасым