|
Жарысқа баратын адам аузын ашса бола ма? Ораза тұтпаған адам ауызашарға бара ала ма?
|
- Бір бауырымыз сұрап еді, жексенбі күні спорттан маңызды жарыс болады, сол күнге ауыз бекітпей рамазаннан кейін қазасын өтесем бола ма дейді?
Бисмилләһир рахманир рахим
Жарысқа бару оразаны үзуге себеп емес дейді қазіргі дін мамандары. Бірақ жарыс барысында бас айналып, шөл қысып, аяқ-қолыңыздан күш кетіп, құлауға айналсаңыз, ашуға рұқсат. Сондай-ақ, жарыс басқа қалада өтетін болса, жолаушы ретінде аузыңызды ашсаңыз болады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
- Ораза ұстамаса да ауыз ашарға қатысу қате ме?
Аузы ораза болмаса да ауызашарға барудың күнәсі жоқ. Шақырылған жерге ауыз бекітпесе де барса болады. Оның еш әбес жөні жоқ.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?