Кәффарат оразасын өтеп жатқан кісі сырқаттанып аузын ашып жіберсе, қайта басынан бастай ма?
Кәффарат оразасын өтеп жатқан кісі сырқаттанып аузын ашып жіберсе, қайта басынан бастай ма?
7 жыл бұрын 4515

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Менің сұрайын дегенім, ораза кәффаратын (яғни, 60 күн ораза) ұстап жүрген адам ауырған жағдайдағы үкімін айтсаңыз.   

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Бұл мәселеде Ислам ғұламалары арасында екі ұдай пәтуа бар деуге болады. Ханафи мәзхабы бойынша, Рамазанда тұтқан оразасын себепсіз әдейі бұзғаны үшін 60 күн кәфарат оразасын ұстап жатқан кісі сырқаттық себепті аузын ашып жіберсе, онысын қайта басынан бастап ұстайды. Өйткені кәфарат оразасында үзбей ұстау шарт. Бұл – өзге мәзхаб ғұламаларының да басым көпшілігіңін пікірі.

Бірақ, Ханбали мәзхабында сырқаттық немесе жолаушылық сияқты шариғи үзірлер себепті кәффарат оразасын ашып жіберсе, онысын қайта бастамайды, тоқтаған жерден жалғастырып кете береді[1].  

Ораза кәфәраты жайында қосымша мәлімет алғыңыз келсе, мына сілтемені оқыңыз: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/oraza/oraza-kafaratyna-qatysty-malimetter-195/#gsc.tab=0  

[1] Абдуррахман әл-Жузайри: әл-Фиқһ ъяляль Мәзәһибиль арбаъа. 

Абдусамат Қасым