Көлікте отырғанда шопыр темекі шексе, қасында отырған менің оразам бұзыла ма?
|
"Көлікте отырғанда шопыр темекі шексе, қасында отырған менің оразам бұзыла ма?"
|
Ескілікті Ханафи кітаптарында «сақтануға мүмкін болмаған жағдайда, еріксіз ішке кеткен түтін оразаны бұзбайды» делінген[1]. Ендеше, шопырдың шеккен темекісінің түтіні, көлікте отырған аузы берік кісінің ішіне кеткен күннің өзінде, еркінен тыс жағдай болғандықтан оразасын бұзбайды деуге негіз бар. Осы тұрғыда, ораза ұстамайтын кісілер, аузы ораза кісілерге құрметпен қарап, олардың жанында темекі шекпеуге ден қойғандары жөн.
Айта кету керек: темекі шегу денсаулыққа үлкен зиян келтіретіндіктен, бүгінгі дін ғалымдарының басым көпшілігі «темекі шегу харам» деп тоқтам жасаған.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
[1] Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\366 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?