Ассаляму алейкум! Ауыз бекіткеннен кейін етеккір келсе ауызды ашу қажет па немесе кешке ауыз ашарға дейін күтуі керек пе? Маған ниет етіп ауыз бекіткен соң етеккірің келсе де аузыңды ашпай кешке дейін ораза ұстайсың, бірақ сол күннің қазасын кейін өтейсің деді? Сол рас па? Аня.
|
Күндіз хайызы келген әйел аузын ашуы керек пе, әлде қалған күнін еш нәрсе жемей өткізуі тиіс пе?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы, Рамазан айында күндіз хайызы келген әйел кісілер сол күнгі оразасын бұзып, аузын ашулары тиіс, кешке дейін ауыздарын ашпай жүрулеріне болмайды. Ал «Рамазанның құрметіне күннің қалған уақытын ораза ұстаушыға ұқсап өткізу керек» деген үкім хайызы келгендерге емес, хайызы тоқтағандарға қатысты. Мысалы, хайызы келіп жүрген әйелдің хайызы күндіз тоқтаған болса, ол әйелдің сол күннің қалған уақытын еш нәрсе ішпей өткізгені мұстахаб (кей кітаптарда уәжіп делінген)1.
Ендеше, Рамазан айында күндіз хайызы келген әйел сол күнгі оразасын бұзып, аузын ашуы тиіс, күн батқанша ораза ниетімен жүруі жарамайды.
1 Имам Шүрунбүләли: «Имдәд». 660 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?