Неге пайғамбарымыз дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекіткен?
Неге пайғамбарымыз дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекіткен?
5 жыл бұрын 30413

Ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух... Алла тағала ілімдеріңізді арттырсын... Осы дүйсенбі мен бейсенбі күндерінде ораза ұстаудың үкімі қандай? Шариғатта бұлар қандай күндер болып есептеледі? Толық айтып кетсеңіздер... Байжанақов Ахат Төлегенұлы

Уағалейкум ассалам уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Аптаның дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстаудың үкімі – сүннет, яғни Мұхаммед пайғамбар ғалейһиссәләмның істеген іс әрекеті. Айша анамыздың айтуы бойынша пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға аса қатты мән берген[1]. Ал оның себебін Алла елшісінің мына бір хадис шәрифынан түсінуге болады: 

Дүйсенбі мен бейсенбі күндері - істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»[2]

- дей келе, осы екі күннің артықшылығын ерекше атап, ол күндері нәпіл ораза ұстаудың маңызын түсіндіріп өткен. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды қабыл етсін!   


[1] Тирмизи, Саум – №745 хадис.
[2] Тирмизи, Саум – №747 хадис.

Абдусамат Қасым