|
Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?
|
Ханафи мәзһабы бойынша, Рамазан айында ауыз бекіткен адам абайсызда немесе әдейі оразасын бұзса, сол күнгі оразасын соңына дейін ұстауы керек[1]. «Абайсызда» дегеніміз, мысалы, дәрет алып жатып байқамай су жұтып қойса т.б. Ал «әдейі» дегеніміз ораза екенін біле тұра әдейі су ішу не тағам жеу, я болмаса, біле тұра жыныстық қатынасқа түсу т.б.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Кім бір нәрсе жеп, оразасын бұзған болса, сол күнгі оразасын аяғына дейін тәмәмдасын...»,[2] – дейді.
Бірақ, кейін, яғни Рамазан айы біткеннен соң бірінші жағдайда (абайсызда бұзу) тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді, ал екінші жағдайда (әдейі бұзу) екі ай кәффарат оразасын ұстайды.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?