Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді?
Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді?
10 жыл бұрын 7414

Ораза шарттарының бірі хайыз бен нифастан таза болу. Шариғат бойынша етеккірі келген әйел ораза ұстамайды. Рамазаннан кейін сол ұстамаған күндерінің қазасын өтейді. Бұған дәлел Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Айша анамыз: «Біз сол жағдайға тап болғанда (хайыз келгенде), тұтпаған оразаны қаза етуіміз, ал намазымызды қаза етпеуіміз бұйырылды»,[1] - деді.

Оразаның күндізінде (сәресінің уақыты өтіп кеткен соң) етеккірі тоқтаған әйел сол күні ауыз бекітпейді. Ауыз бекітетін болса, ораза тұтқан болып есептелмейді. Рамазаннан кейін сол күнді де, алдыңғы тұтпаған кұндерімен қосып қазасын өтейді. Сәресіге дейін хайызы тоқтаса, оразаға ниет етіп ауызын бекітеді.[2]

[1] Сахих Муслим, Китабуль  Хаиз – (335) 508.
[2] Бадаиғ – 2/597 бет.

Абдусамат Қасым