Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?
Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?
10 жыл бұрын 9661

Ханафи мәзһабы бойынша, Рамазан айында ауыз бекіткен адам абайсызда немесе әдейі оразасын бұзса, сол күнгі оразасын соңына дейін ұстауы керек[1]. «Абайсызда» дегеніміз, мысалы, дәрет алып жатып байқамай су жұтып қойса т.б. Ал «әдейі» дегеніміз ораза екенін біле тұра әдейі су ішу не тағам жеу, я болмаса, біле тұра жыныстық қатынасқа түсу т.б.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Кім бір нәрсе жеп, оразасын бұзған болса, сол күнгі оразасын аяғына дейін тәмәмдасын...»,[2] – дейді.

Бірақ, кейін, яғни Рамазан айы біткеннен соң бірінші жағдайда (абайсызда бұзу) тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді, ал екінші жағдайда (әдейі бұзу)  екі ай кәффарат оразасын ұстайды.

[1] Әл-Касани, Бадаиғ – 2/627-бет.
[2] Әл-Асқалани, Фатхуль Бари Шарху Сахихиль Бухари, 1792-хадис түсіндірмесі. 

Абдусамат Қасым