Оразада "В витаминді" система салдыруға бола ма?
Оразада "В витаминді" система салдыруға бола ма?
1 жыл бұрын 2770

Әссәләмуалейкум! Құрамында В витамин бар ем болатын система салдыруға бола ма? Ауызашар уақытта салып беретін ешкім болмай жатыр. Врач айтты құрамында В комплекс витамин бар деп. Фатима.

Бисмиллаһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, қазіргі дін ғалымдарының тоқтамы бойынша емдік сипаттағы дәрілер мен ауруды басатын дәрілерді тамырға укол арқылы немесе система арқылы салудың оразаға зияны жоқ, мысалы, инсулин, пенициллин, валтир т.б.

Ал, бірақ салынатын дәрі денеге қуат берер азық сипатында болса (мысалы, глюкоза) немесе денеге рақаттық берер сипатта болса, ондай дәріні салдырудың оразаға тигізер зияны жөнінде бүгінгі дін ғалымдары екі түрлі болжам білдіреді. Бірақ, көпшілік ғалымдар, денеге қуат берер «азық» сипатындағы дәрілердің оразаны бұзатындығын айтады(1). Витаминдер де денеге қуат берер азық сипатында болғандықтан, деректерге қарағанда, оразаны бұзады делінген. 

Соған орай айтарымыз, В витамині денеге қуат берер азық сипатындағы дәрілер іспетті болғандықтан, оразаны бұзады деуге негіз бар, сол себепті, мүмкіндігінше ауызашар уақытына қалдырған абзал, алайда күндіз салу керек болып тұрса, сол күнгі оразаны соңына дейін ұстап, Рамазаннан кейін бір күн қазасын өтеп алуыңыз керек болады. Кәффарат керек емес.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


[1] Мәжмәғуль Фиқһиль Исләми әд-Дуәли, 1997ж, 28 тамыз – 03 шілде аралығында берілген 91-96 қаулысы.

Абдусамат Қасым