Қан құйдыру оразаны бұза ма?
Қан құйдыру оразаны бұза ма?
10 ай бұрын 1374

Оразада қан құйдыру оразаны бұза ма? Арман

Аузы берік кезде қан құйдыру оразаны  бұзады. Қан құйдырған жағдайда бір күн қазасын өтеу керек болады. Өйткені, қанның құрамында көп көлемде су бар. Бұл да денеге әл беретін азық тектес бір затты салғанмен тең. Сол себепті, оразаны бұзады. Бұл жайында Халықаралық Ислам фиқһ Кеңесінде талқыланып, оразаны бұзатын жағдайлардың тізімін бере келе қан құйдыру жайлы да былай деп өткен:

«Қанның құрамында көп мөлшерде су болатындықтан қан құйдыру оразаны бұзады».[1]

Осы тұрғыда, қан алдырудың да үкімін сұрайтындар бар. Қан алдыру – қан құйдыру емес, оның үкімі бөлек. Қан алдыру оразаны бұзбайды деуге болады, өйткені Пайғабмарымыз (с.а.у.) ораза кезінде хижама жасататын[2]. Қан алдыру оразаны бұзатын болғанда, оған тыйым салар еді (Хижама – қан алдыру арқылы емдеу тәсілі).  Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Халықаралық Ислам фиқһ Кеңесінің 23 отырысы, хижри 1440 жыл, миләди 2018 жыл.
[2] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари».

Абдусамат Қасым