Қажылықта шалған құрбаны жеткілікті ме, әлде үйінде тағы қой сою керек пе?
Қажылықта шалған құрбаны жеткілікті ме, әлде үйінде тағы қой сою керек пе?
6 жыл бұрын 4862

Ассаламуғалейкум! Қажылықта сойған құрбаны уәжіп мойнынан түсе ме, әлде тағы бір қой сою керек пе? Құрбан Елеуов

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрбан шалу кедей мен жолаушыға уәжіп емес[1]. Сондықтан, қалталы мұсылман айт күндері (үш айт күндері) жолаушы болса, оған құрбан шалу міндеті жүктелмейді. Қажылыққа аттанған кісі де жолаушы саналатындықтан қажылықта шалған құрбанынан бөлек, қосымша үйінде құрбан шалудың қажеті жоқ.


[1] Әл-Мәйдани: Лүбәб – 3/98 бет.

Абдусамат Қасым