Қарыз алып құрбандық шалуға бола ма?
|
Қарыз алып, құрбандық шалсам бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Құрбан айт күндері сауабын үміт ете отырып, Алла ризалығы үшін құрбан шалудың пайдасы мол. Хадистің бірінде шалған құрбанының әрбір қылы үшін сауап жазылатындығы айтылса1, тағы бір хадисінде, Пайғамбарымыз "шалған құрбаны қиямет күні сырат көпірінде көлік болады" деп сүйіншілейді. Сондықтан, ақшасы жоқ мұсылман құрбанның сауабынан құр қалмайын деп қарыз алып, Алла үшін құрбанын шалып жатса, дініміз одан тыймайды, тіпті сойған құрбанының етін өзінің отбасына қалдырса да болады. Әйтсе де, құрбан шалуға жамасы жетпейтін мұсылманға дініміз қарыз алып болса да құрбан шал деп бұйырмайды.
Ең дұрысы Аллаға мәлім!
1 Имам Ахмед: «Мүснәд»; Ибн Мәжә: «Сүнән».
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?