Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым: Қойды түнде союға бола ма? Олжас.
|
Құрбанды түнде сойсам бола ма?
|
Сәлеметсіз бе! Ханафи мәзхабында құрбанды түнде сою «жеңіл мәкруһ» саналған. Бұл дегеніміз, мүмкіндігінше күндіз шалуға тырысқан абзал. Дегенмен, кешқұрым не түнде шалса да құрбандығы саналады. Тек, үш күн айттың алғашқы екі түнінде ғана рұқсат. Ал, айттың үшінші түнінде құрбан шалынбайды.
Себебі, құрбан шалу уақыты - Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні күн батар-батпас сәтке шейінгі аралық[1].
Алла шалған құрбандарыңызды қабыл етсін!
[1] Ибн Ғабидин: Роддуль Мухтәр. ; Убайдулла ибн Мәсғуд: ән-Нуқоя.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?