Әссәләмуғалейкум! Құрбандыққа тоқал ешкі союға бола ма?
|
Құрбанға тоқал ешкі сойса бола ма?
|
Тоқал ешкі деп, жаратылысынан мүйізі жоқ ешкі малын айтады. Тоқал ешкілер құрбандыққа жарамды. Бастысы көтерем, ауру, соқыр, жүре алмайтындай ақсақ т.б. сол сияқты кемшіліктерден ада болуы тиіс және бір жасқа толып, екі жасқа аяқ басқан болуы керек. Ханафи ғалымдары өздерінің кітаптарында «жаратылысынан мүйізі жоқ мал құрбандыққа жарамды» деген үкім айтқан. Бұған байланысты кітаптарда былай делінеді:
«Мүйізі жоқ мал құрбандыққа жарамды, мейлі жаратылыстан мүйізі жоқ болсын, мейлі мүйізі сынған болсын. Алайда, мүйізі түбінен сынса (сынығы сыртқы мүйіз қаптамасынан өтіп, бас сүйекпен жалғасатын ішкі өзегіне өтсе) ол жарамайды»1.
1Дүруруль Хуккам. Хашияту әш-Шүрунбүләли
Өзекті сұрақтар