Ассалаумағалайкум. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Былтыр келіншегім босанған еді, бала 2-3 сағаттан кейін шетінеп кетті. Шетінеген балаға ақиқа құрбаны шалына ма? Азамат.
|
Шетінеген сәбиге ақиқа құрбаны шалына ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ақиқа құрбанының уақыты – жетінші күнінен былайғы уақыт. Сол себепті, туылмай жатып ана қарнында шетінеген шақалақ үшін немесе туылып, бірақ жетінші күніне жетпей қайтыс болған балаға ақиқа құрбаны шалынбайды. Осыған қатысты Имам Мәликтің мынадай бір сөзі келтіріледі деректерде: «Жетінші күнге жетпей қайтыс болса, ол үшін ақиқа құрбаны шалынбайды»[1].
*Жаңа туылған нәресте үшін шалынатын малды «ақиқа құрбаны» деп атайды. Нәрестенің үлпілдек шашын «ақиқа» дегендіктен, осыған байланыстырып «Ақиқа құрбаны» деп атаған. Үкімі - мұстахаб (ұнамды, бірақ міндетті емес).
[1]Ибн Абдиль Бир: әл-Истизкәр.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?