Пітір садақамды күйеубалама берсем бола ма?
Пітір садақамды күйеубалама берсем бола ма?
2 жыл бұрын 6493

Ассаләмуғалейкум! Тұрмысқа шығып кеткен, жағдайы жоқ кызыма, күйеубалама, пітір садақамды берсем бола ма? Сіздерге Алла разы болсын!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, егер, күйеубалаңыз кедей санатына жататын болса, оған пітіріңіздің ақшасын беруіңізге болады. Өйткені, күйеубалаңыз сіздің өз балаңыз саналмағандықтан оған пітір берудің ағаттығы жоқ. Бастысы – мұсылман әрі кедей санатында болуы керек. Осы орайда, туған қызыңыздың жұбайы болуы үкімді өзгертпейді.

Мәселен, ескілікті фиқһ кітаптарының бірінде «Зекет» тарауында мынадай үкім айтылып өтеді:  

«Зекетті – әкесінің әйеліне (өгей шешесіне), баласының әйеліне (келіні) және қызының күйеуіне (яғни, күйеубаласына) беруге болады»[1].  

Бұл үкімнің пітір садақасына да қатысы бар. 

Алла қабыл етсін!


[1] Ибн Ғабидин: «Раддуль Мұхтәр». 3/293 бет.

Абдусамат Қасым