Сәлеметсіз бе!
Пітір садақаны қадір түніне дейін беру керек пе, әлде ораза біткенше ме? Рахмет. Бақтығұл Молдағалиева
|
Пітір садақаны қадір түніне дейін беру керек пе?
|
Сәлеметсіз бе, Бақтығұл! Негізінде пітір садақасы айттың бірінші күні, таң намазы кіргеннен бастап міндеттеледі[1]. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Ораза – Рамазан айында ұсталады, пітір садақасы – ауыз ашқан күні (айттың бірінші күні) беріледі, құрбан – құрбан айтта сойылады»[2], – делінген. Десек те пітірді айттың алдында, рамазан айында да беруге болады. Ал, айт күнінде пітір садақасын бір жағдайлармен беріп үлгермей қалған болса, айттан кейін беруі керек.
Пітір садақаны айт намазы басталмай тұрып беру – мұстахаб. Өйткені, Пайғамбарымыз пітір садақасын айт намазына шықпай тұрып беретін болған.[3]
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?