Білейін дегенім, үйінің ремонтына деп жинап жатқан ақшадан зекет беріле ме? Рақмет.
|
«Ремонтқа» деп жинап жатқан ақшадан зекет беріле ме?
|
Кей Ханафи ғалымдар үй алу үшін жинап жатқан ақшадан зекет берілмейді деген. Өйткені, үй негізгі қажеттілік болып саналады, ал негізгі (асли) қажеттіліктерге арналған ақша жоққа есеп (кей ғалымдар зекеті беріледі дейді). Осыған орай, үйді жөндеу жұмыстарына (ремонт) жиналған ақшаны екі жөннен қараған абзал деген ойдамыз:
- Жөндеуді қажет етпейтін үйді (чистовой) жаңалау үшін жиналған ақша: егер «нисабқа» жетіп тұрса, зекетін бергені жөн. Әрине, мұнда да қарыздарды шегеру т.б. деген сияқты жеңілдіктер назарға алынады.
- Жөндеуді қажет ететін (черновой) үйді жөндеуге жиналған ақша: зекеті берілмейді. Өйткені, ремонты жоқ үй туруға қолайсыз, ондай үй қажеттілікті тиісінше қамтамасыз етпейді, сәйкесінше оған жиналған ақшадан зекет бермесе болады.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?