Бұрын кредитке алынған затты сатып алсам бола ма?
Бұрын кредитке алынған затты сатып алсам бола ма?
4 жыл бұрын 3284

Ассалаумағалейкум! Мен сұрайын деп едім. Мен бір қолданылған зат сатып алайын деген едім. Бірақ ол зат кредитке алынған екен. Оны алуға бола ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Біреудің бұрын несиеге алған затын сатып алуға болады. Оның күнәсі жоқ. Кезінде Медине қаласында өмір сүрген яһудилер қауымы өсімқорлықпен айналысатын. Оған қарамастан Алла елшісі (с.а.у.) олардан зат сатып алып, сауда-саттық жасасып тұрды. Сол себепті, сіздің де біреудің бұрын несиеге алған затын сатып алуыңыздың ағаттығы болмас. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!      

Абдусамат Қасым