Әссәләмуғалейкум!
Мен акциялардың «дивидендтері» жайында сұрағым келіп отыр. Сіздердің сайттарыңызда акция сатып алудың «халал» екендігі турасында жазған жауаптарыңызды оқығаным есімде. (Халықтық ІРО: мұсылман акционер бола ала ма?). Менің сұрайын дегенім: егер сол компания жылда бірнеше рет өзінің акционерлеріне дивиденд төлесе, ол пайда халал болып саналады ма?
Дивиденд – қысқаша айтқанда компанияның тапқан табысын акционерлермен бөлісуді білдіреді. Алла разы болсын! Ермек Сүлейменов.
|
«Дивиденд» халал ма, харам ба?
|
Уағалейкумуссалам! Ермек, өзіңіз айтпақшы акцияны сатып алған кісі компанияның тең иесі атанады және таза табыстың бір бөлігі – дивидендтерге ие бола алады. Дивиденд жылына бір мәрте не бірнеше мәрте төленуі мүмкін. Ол – халал. Бұл компанияның дивидендтік саясатына, қаржылық жағдайына байланысты.
Бір компанияның акциясын сатып алып, компания табысының бір бөлігіне иелену - фиқһ ғылымында «Шәрикатуль Ъинан» деген серіктестікке саяды. Ъинан серіктестігі деп, екі кісінің бірігіп сауда құруы және түскен табысқа ортақ болуы[1].
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?