Әссәләмуғалейкум! Менде дүкен бар еді. Соны арендаға берсем деп едім. Бірақ, арендаға алатын адам арақ және темекі де сататын болады. Арендаға берсем бола ма? Рахмет! Нұрболат.
Дүкенімді азық-түлікпен қоса арақ-шарап сататын кісіге арендаға берсем бола ма?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Азық-түлік дүкеніндегі тауардың көбі халал заттар екендігі мәлім. Арасында арақ-шарап немесе темекі секілді дінімізде харам саналатын заттардың орын алуы жалға беруге кедергі емес дейтін дін мамандары бар. Өйткені, жалға беру келісімі дүкенді азық-түлік сататын орынға беру үшін жасалып отыр. Жалға алушы кісінің халал заттармен қоса, харам заттарды да сатуының күнәсі сізге болмайды. Одан алған жалдау ақысы да адал. Бұл – Имам Ағзам Әбу Ханифаның тұжырымына сай.
Ал, бірыңғай арақ-шарап секілді харам заттар сататын орынға жалға беруге болмайды, мұны көпшілік Ислам ғұламалары харам санаған. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Дәрет алуға да, таяммум соғуға да мүмкіндік болмаса, не істейді?

■
Көлікте тиләуәт сәждесін оқыса, сәжде қалай жасайды?

■
Ашура күнгі оразаны ұстап жүріп, абайсызда су жұтып қойдым. Осы күнді соңына дейін ұстау керек пе?

■
Ауруханада тамақтың халал екенін білмейміз, берген асын жей беруге бола ма?