Ассаламу Алейкум! Мен бір ай болды жаңа жұмысқа тұрғанмын мебельный цехка. Білмеймін рас па өтірік пе, естігенмін «хозяин» цехті ашар кезде кредит алды деп, цехті ашу үшін. Менің сұрағым егер ол цех кредитқа ашылған болса, біздің жұмыскерлердің тауып жатқан жалақымыз, ақшамыз халал ма?
|
Кредит алып ашқан кәсіпорында жұмыс істеуге бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Кредитке ақша алып ашылған кәсіпорында жұмыс істеудің күнәсі жоқ, бастысы ол кәсіпорын адал заттармен шұғылданатын кәсіпорын болуы керек. Ал алған кредитінің күнәсі кәсіпорын ашқан кісіге қатысты, жұмысшыларға қатысы жоқ және алар айлықтары да кейіннен адал заттардан түскен ақшадан берілетіндіктен, айлық та адал деуге болады. Аллаһу ъаләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?