Несиеге (рассрочкаға) ұялы телефон алуға бола ма?
Несиеге (рассрочкаға) ұялы телефон алуға бола ма?
5 жыл бұрын 11404

Ассаламуғалейкум! Несиеге (рассрочкаға) немесе кредитке сотка алуға бола ма? Ербол

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ислам шариғаты бойынша, әлдебір затты несиеге алуға болады. Тіпті, затын несиеге сататын кісі оны нақты ақшаға сатқандағы бағасынан қымбатырақ сатуына құқылы. Ең бастысы - несиеге сататын заты меншігіндегі дүние болуы тиіс, бағасы нақты келісілген болуы ләзім және өсімпұл (пеня) тағайындалмау керек.  

Бірақ, Исламдағы несиеге зат алу мен біздің елдегі несиеге зат алу ұғымы арасында үлкен айырмашылық бар.

Ислами тұрғыда рассрока – біреудің меншігіндегі затты бөліп төлеуге не белгілі уақыт ішінде бір-ақ төлеуге алу дегенді білдірсе,

Ал біздің елдегі қолданыстағы рассрочка ол - тауар алу үшін банктен несие рәсімдеу дегенді білдіреді. Яғни, банк өзінің меншігіндегі емес ұялы телефонның құнын сіздің орныңызға дүкенге төлеп, кейін оны сізден айма-ай белгілі мөлшерде үстеме ақысымен алып отырады. Бұл - процентке қарыз беру деген сөз. Исламда процентке қарыз беру - харам.  

Сондықтан да, біздің елде тұрмысқа аса қажетті заттарға ақшасы жетпей жүрген кісіге мәжбүрлік себепті несиеге алуына рұқсат деуге болады. Мысалы, тоңазытқыш (холодильник) т.б. Ал, сенсорлы телефон сияқты аса қажетті заттар санатына жатпайтын дүниелерді банк арқылы несиеге алмаған жөн.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Осы тақырыпқа қатысты қосымша "Дүкендерден несиеге зат алуға бола ма?" атты жазбамызды оқи аласыздар.

Абдусамат Қасым